Астанада Kazakhstan Travel Expo көрмесі іске қосылады: елдің туристік мүмкіндіктерін ілгерілетудің жаңа форматы.
24.11.2026
Астанада Kazakhstan Travel Expo көрмесі іске қосылады:
елдің туристік мүмкіндіктерін ілгерілетудің жаңа форматы.
2027 жылғы 15–17 қыркүйекте Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Kazakhstan Travel Expo халықаралық көрмесі өтеді. Жобаны Messe Frankfurt компаниясының Орталық Азиядағы ресми өкілі Business Media Central Asia (BMCA) және Creative Tourism Bureau ұйымдастырады. Жаңа көрме жобасы Қазақстанды халықаралық туристік нарықта ілгерілетуге, салалық ынтымақтастықты дамытуға және саяхатшылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Kazakhstan Travel Expo Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырып, ішкі, келу және шығу туризмінің негізгі бағыттарын біріктіреді.
Қазақстан әлемдік туристік картада
Қазақстан халықаралық туристік нарықтағы орнын нығайтып келеді. Ел Lonely Planet нұсқасы бойынша Best in Travel 2025 үздік туристік бағыттар тізіміне енді. ҚР Туризм және спорт министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы туризм саласына салынған инвестиция көлемі шамамен үштен бірге артып, 1,25 трлн теңгеден асты. Курорттық аймақтар, қонақүй инфрақұрылымы, іскерлік және оқиғалық туризм дамып келеді. Жаңа көрме елге деген өсіп келе жатқан қызығушылықты туристік ағындар мен іскерлік серіктестікке айналдыруға ықпал етуді көздейді.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы орналастыру орындарының қызметтерін 10,1 млн ішкі және 1,4 млн шетелдік турист пайдаланған. Ұлттық статистика бюросының іріктемелі зерттеу деректеріне сәйкес, сол жылы Қазақстан тұрғындары шетелге шамамен 1,5 млн туристік сапар жасаған.
Елдің туристік әлеуеті зор, ал саяхат нарығы қарқынды дамып келеді. Kazakhstan Travel Expo осы мүмкіндіктерді толыққанды халықаралық туристік өнім ретінде таныстыру, сұраныс пен ұсынысты тоғыстыру және сала үшін жаңа коммерциялық мүмкіндіктер ашу мақсатында құрылуда.
Саяхат индустриясының барлық бағыттары бір алаңда
Kazakhstan Travel Expo экспозициясы үш негізгі бағытты біріктіреді:
- Travel Destinations: ішкі, келу және шығу туризмі, туристік маршруттар, орналастыру, көлік және саяхат.
- Camp & Travel: белсенді демалыс, кемпинг, глэмпинг, автотуризм және табиғат аясындағы саяхаттар.
- Medical Tourism: медициналық және сауықтыру туризмі, клиникалар, санаторийлер, курорттар және оңалту қызметтері.
Көрмеге келушілер бір жерде туристік бағыттармен танысып, маршруттарды, көлікті, орналастыру орындары мен қосымша қызметтерді таңдай алады. Бұл Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де толыққанды саяхат бағдарламасын құруға мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастық және жаңа нарықтар
Көрменің маңызды бөлігі туристік қызметтерді халықаралық сатып алушыларға арналған бағдарлама болмақ. Бағдарлама аясында шетелдік туроператорлардың қазақстандық қабылдаушы туристік компаниялармен, курорттармен, қонақүйлермен және өңір өкілдерімен мақсатты іскерлік кездесулері қарастырылған.
Бағдарлама қазақстандық туристік өнімдерді шетелдік нарықтарда ілгерілетуге, серіктестік байланыстарды кеңейтуге және өңірлік маршруттарды халықаралық туроператорлардың ұсыныстарына енгізуге бағытталған.
«Қазақстанның туристік әлеуеті қазірдің өзінде әлем назарын аударып отыр. Келесі қадам – осы қызығушылықты нақты сапарларға, серіктестікке және өңірлердің табысына айналдыру. Біз қазақстандық бизнес өз мүмкіндіктерін халықаралық сатып алушыларға таныстыра алатын, ал саяхатшылар ел ішіндегі және шетелдегі маршруттардың барлық түрімен таныса алатын көрме құрып жатырмыз».
Ануар Малик, Business Media Central Asia компаниясының бас директоры.
БАҚ үшін байланыс ақпараты:
Лаура Болат
Ұялы тел./WhatsApp: +7 778 155 85 60
laura.bolat@bmca.kz · www.bmca.kz